Ақтөбеде құс фабрикасында өрт шықты. Тілсіз жау өндіріс ошағының жұмыртқа сақтауға арналған бір қабатты қоймасында тұтанған. Қызыл жалын 600 шаршы метр аумақта сөндіріліпті. Төтенше жағдайлар министрлігінің таратқан ақпарына сүйенсек, жанған қоймада картон өнімдері болған, тауықтар мен жұмыртқа болмаған.

– Қабылданған шаралардың нәтижесінде жапсарлас салныған қоймаға өрттің таралуына жол берілмеді. Өртті сөндіру барысында ғимарат ішінен екі газ баллон сыртқа шығарылып, ықтимал жарылыстың алдын алды, – деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

Қызыл жалынның кесірінен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталып жатыр.