Ақтөбе облысында заңсыз қару сақтаған адамның ісі қаралды. Бұл туралы Шалқар аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Заң бұзған азамат Шалқар қаласында тіркелмеген, 16 калибрлі аңшы мылтығын сақтап келген. Қару Ижевск механикалық зауытында шығарылған. Мылтық атуға жарамды, ал, оның тіркеу нөмірлері жасырылған екен.

Сотта заң бұзған адам бұған дейін осыған ұқсас құқық бұзғаны үшін жауапқа тартылғаны белгілі болды.

Тұрғын өз кінәсін мойындапты.Сот қаулысымен тұрғын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы, екінші бөлігімен кінәлі деп танылған. Ол 129750 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Айыптының заңсыз сақтап келген мылтығы тәркіленіп, қарудың көзін жою керек деп шешім шыққан.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.