Оралда 30 мамырда онкологиялық диспансерде ашық есік күні өтеді. Акция аясында онкологтар меланома, тері обыры және қалқанша безі обырынан тексерілуге болады.Дәрігерлер көрсеткіштер бойынша консультация мен диагностикалық тексерулер жүргізеді.

Облыстық онкологиялық диспансердің мамандары таңғы сағат тоғыздан түскі бірге дейін қабылдайды. Дәрігердің қабылдауына өзіңізбен бірге жеке куәлік және бұрын өткен диагностикалық зерттеулердің нәтижелері болса, алып келу қажет.

Ашық есік күні аясында дәрігерлер кез-келген адамды МӘМС мәртебесіне қарамастан тексеріп, кеңес береді. Облыстық онкологиялық диспансер Орал қаласы, Алматы көшесі 58 мекенжайында орналасқан. Сұрақтарыңызды 7(7112)91-80-52 нөміріне қоңырау шалып қоя аласыздар.