Атырау облысында 520 медицина қызметкері сақтандырылмапты. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады. Олқылық Қызылқоға ауданында тіркелген. Аудандық аурухана қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығы сақтандырылмаған.

Прокурорлар тексеріс барысында олқылық 2025 жылы басталғанын анықтапты. Сақтандыру болмаса медицина қызметкерінің өндірісте жарақат пен төтенше жағдай болса, заңмен қарастырылған өтемақы төленбей қалуы мүмкін.

Прокурорлар тексерістен кейін барлық қызметкердің еңбек және констициялық құқығы қалпына келді деп мәлімдеді.