Ақтауда 2 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді
Синтетикалық есірткі төрт полиэтилен пакетке салынған.
Ақтауда екі келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады. Маңғыстау облысы полиция департаментінің таратқан ақпарына сүйенсек, күдіктіден төрт полиэтилен пакетке салынған альфа-PVP синтетикалық есірткісін тапқан.
Бұдан қоса, жедел іс-шараларды жалғастыру барысында тәртіп сақшылары Ақшұқыр аумағында 15 ықтимал орын тексеріпті. Сегіз жарысын орыннан жалпы салмағы 128,92 грамм есірткі табылған.
Қазіргі таңда күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалған. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.