Атырау облысында 425 адамның құқығы бұзылды.Бұл туралы бас прокуратура хабарлайды.
Заң бұзушылықтың бірі-Махамбет ауданында тіркелген. Орталық аудандық аурухана 338 адамның зейнетақы және әлеуметтік аударымдары аударылмай келген. Прокурорлар тексерісінде мекеме 29 миллион теңгені аудармағаны анықталған.
- Осындай бұзушылықтар «Махамбет Су» КММ-нің 85 қызметкеріне қатысты да анықталды, мұнда 21 миллион теңге көлемінде жарналар төленбеген, -деп хабарлады бас прокуратура.
Зейнетақы мен әлеуметтік аударымдарды уақытылы төлемеген мекемелердің басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылған.