2 часа назад

Айка тізімі: Атышулы «жеңгетай» бостандыққа шықты

Өткен жылы сотталған «жеңгетай» жазасын кейін өтемек.

Айка тізімі: Атышулы «жеңгетай» бостандыққа шықты
Фото Instagram желісінен алынды

2024 жылы 6,5 жылға сотталған, "Айка" лақапатымен танымал Айғаным Мырзахметованың жазасын өтеу мерзімі екі жылға шегерілді. Енді ол пробациялық бақылауда болады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Абай облысы Жарма ауданының соты сотталған М.-нің (Айка) жазаны кейінге қалдыру туралы өтінішін қараған. Бұған себеп - оның кішкентай баласының болуы.

— Сот мәліметінше, Айканың 2020 жылы туған баласы бар. Сот оның жазаны кейінге қалдыру туралы өтінішін қанағаттандырған.

Өтінішті қарау барысында Айканың қорғаушысы, №23 мекеме өкілі және прокурор бұл өтінішті қолдаған.

Еске салайық, 2024 жылғы 21 мамырда Алматының Әуезов аудандық соты блогерді аса ірі мөлшерде психотроп затты заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау, сондай-ақ, жеңгетайлық жасау деректері бойынша кінәлі деп танып, алты жыл, алты айға бас бостандығынан айыру жазасына кескен еді.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp