2 часа назад

Қазақстанда 133 адам өндірісте қаза тапты

Мыңға жуық қазақстандық жұмыста зардап шегіп, жарақат алған.

Қазақстанда 133 адам өндірісте қаза тапты
Сурет "ЖИ" көмегімен жасалды

Қазақстанда 2025 жылдың бірінші қазанында 133 адам өндірісте қаза тапты. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Жазатайым оқиғалардан 934 жұмыскер зардап шегіп, түрлі жарақат алыпты. Сала мамандары биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану 2024 жылдың екінші жартыжылдығымен салыстырғанда 3,4% төмендегенін хабарлады. 

Өндірістік аймақтарда жарақат алудың ең жоғары деңгейі сақталған. Мәселен жазатайым оқиғалардың 103 Қарағанды облысында тіркелген. Шығыс Қазақстан облысында 89 адам, Павлодарда 68 адам, Ақтөбе облысында 64, Атырауда 48 жұмысшы зардап шеккен. Сондай-ақ Алматы шаһарында 51 азамат түрлі жұмысында түрлі жарақат алыпты. 

Экономиканың салалары бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия кешенінің өнеркәсіптері мен құрылыста тіркелген.  

— Жазатайым оқиғалардың орын алуының негізгі себептері: өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы (34,2%); жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы (33,6%), еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу (8,5%),  жол қозғалысы ережелерін бұзу (7,8%). Еңбекті қорғау фактілерінің бұзылушылықтары бойынша құқық қорғау органдарына жазатайым оқиғаларды тергеудің 730 материалы жіберілді, соның негізінде 211 қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp