• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Баласының еміне деп 1,3 млрд теңге жинаған: Тотақановтарға үкім шықты

Баласын емдету үшін халықтан жылу жинаған отбасыға үкім шықты.
Баласының еміне деп 1,3 млрд теңге жинаған: Тотақановтарға үкім шықты
Видеодан стоп кадр

Бүгін Астанада әлеуметтік желі арқылы ұлының еміне 1,3 миллиард теңге жинаған Толқын және Дәулет Тотақановтарға қатысты атышулы іс бойынша үкім жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот екеуін де интернет-алаяқтық және ақша жылыстату баптары бойынша кінәлі деп таныды.

Үкім:

  • Әрқайсысына жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

  • Он жылға қайырымдылықпен айналысуға және қаражат жинауға тыйым салынды.

  • Мүлкі тәркіленеді (паркинг, 2022 жылғы Hyundai Sonata, Қосшыдағы жер телімі).

  • Жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу (Он мың теңгеден алты миллион теңгеге дейін) және әрқайсысынан Жәбірленушілер қорына 20 АЕК өндіріп алу.

Толқынның кәмелетке толмаған баласы бар болғандықтан, оған жазаны өтеу екі жылға кейінге қалдырылды.

Тергеу нұсқасына сәйкес, баланың еміне небәрі 6,4 миллион теңге жұмсалған, ал қалған қаражат бәс тігуге, сән-салтанатты өмірге, жылжымайтын мүлік пен депозиттерге кеткен. Ерлі-зайыптылар өз кінәсін мойындаған жоқ.

Главный баннер --> after article