БҚО-да 24 адам тұмаумен ауырған

Эпидемиолог мамандар сырқаттанғандар тұмаудың А түрімен ауырғанын анықтапты.

БҚО-да 24 адам тұмау жұқтырған
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Батыс Қазақстан облысында екі айдың ішінде 24 мыңнан астам адам жіті респираторлы вируспен ауырған. Өткен жұмада ғана облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 15 мың астам батысқазақстандықтың сырқаттанғанын хабарлаған еді. Аймақта тұмаудың 24 жағдайы тіркелді.

–Жіті респираторлы вируспен ауырғандардың арасында 14 жасқа дейінгі балалар – 16683, соның ішінде бір жасқа дейінгі балалар -303 жағдай тіркелді. Жүктілігіне байланысты есепте тұрғандардың арасында ауырған жүкті әйелдердің арасында 34 жағдай тіркелді. Ауырғандардың арасында оқушылар арасында, облыстың 177 мектебінен 441 оқушы ауырды. Тұмаудың А типінің, барлығы 24 жағдай H3N2 түрінен тіркелген. Жас құрамы бойынша: нөлден-төрт жасқа дейінгі балалар арасында сегіз жағдай, 5-14 жастағы балалар арасында он жағдай.Ересектер арасында алты жағдай тіркелді,–деді Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.

Қазіргі таңда облыстық жұқпалы ауруларға арналған ауруханада 140 науқас емделіп жатыр. Олардың 70-бала. Бұл туралы жұқпалы аурулар ауруханасы директорының орынбасары Дергүл Агадилова мәлімдеді. Ел арасында медициналық мекемелердің лық толы екенін, орын жетпеген науқастар дәлізде емделіп жатыр деген ақпарат тарап жатыр. Аурухана директорының орынбасары бұл ақпаратты жоққа шығарып, жұқпалы ауруларға емдеу мекемесі 180 науқасқа арналғанын, сырқаттанғандар көбейсе, 10-20 пайызға кереует санын көбейтетінін  хабарлады.

Эпидемиолог мамандар жіті респираторлы вируспен қоса, өңірде риновирус,  бокавирус, аденовирус, парагрипп, пандемиялық емес коронавирус пен  РС – вирус тіркелгенін хабарлады.

Дәрігерлер азаматтарға сауалатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданып, саулығы сыр бергенде емдеу мекемелеріне бірден жүгінуге кеңес береді.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp