БҚО-да шегірткеге қарсы улау жұмыстары жүріп жатыр

Осы жұмыстар үшін бюджеттен 312 млн қаржы бөлінген.

БҚО-да шегірткеге қарсы улау жұмыстары жүріп жатыр
zhaikpress.kz суреті

Бүгінгі таңда облыста 170 мыңдай жер телімінде улау жұмыстары жүргізілген. Шегірткенің көп шоғыры Қаратөбе, Сырым, Шыңғырлау аудандарында байқалады деп отыр мамандар. Бұл туралы zhaikpress.kz хабарлайды. 

Жалпы шегірткеге қарсы улау жұмыстары шілде айына дейін жалғасатын болады.

— Шегірткеге қарсы шашылып жатқан у адам мен жануарларға зиынды емес. Біз егіс алқаптары мен жайылымды жерлердегі көк шөпті сақтау үшін шегірткеге қарсы уалу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Негізінен Қаратаөбе, Сырым, Шыңғырлау аудандарында улау жұмыстары жүруде,- деп атап өтті ҚР АШМ БҚО аумақтық инспекциясының басшысы  Ерлан Орынбаев. 

Естеріңізге сала кетсек, Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының ақпараты бойынша аумақта зиянкестермен күрес үшін 14 жер үсті бүріккіш, бес аэрозольды генератор, екі дельтаплан және үш дрон жұмылдырылған. Саяқ шегірткелерге қарсы  16 техника жұмыс істеуде. Облыс бойынша 40 техника жұмылдырылыпты. Биыл шегірткелердің көбеюіне байланысты қосымша жұмыс атқарылуда.

Сала мамандары Сырым ауданында шегірткеден 38 880 гектар жер өңделді мәлім етті. Қазіргі таңда екі вентилятор, үш аэрозольды генератор  жұмыс істеуде. Ауданда жағдай тұрақты әрі шағым жоқ деседі.

zhaikpress.kz cуреті 

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp