Облыс аумағында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Үш күннің ішінде аймақта 63 қоғамдық көліктің жүргізушісі заң бұзған.Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
Заң бұзғандардың алтауы маневр жасауда қателік жіберсе, жетеуі жылдамдықты асырған. Ал 12 жүргізуші автобусты тиісті техникалық тексерістен өткізбепті. Рейд барысында автобус парктерінің лауазымды тұлғалары да жауапқа тартылды.
Тәртіп сақшылары жүргізушілердің құжаттарын, олардың демалыс режимін сақтау мен медициналық тексерістен өткендігін тексерген.
«Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы жетінші сәуірге дейін жалғасады.