5 часов назад

Бразилияда өткен жарыста қазақстандық оқушылар топ жарды

Қазақстандық жас химиктер халықаралық сайыста жеңіс тұғырынан көрінді.

Бразилияда өткен жарыста қазақстандық оқушылар топ жарды
ҚР оқу-ағарту министрлігінің фотосы

Бразилияда халықаралық Менделеев олимпиадасы аяқталды. Байқау Белу-Оризонти шаһарында 59 мәрте ұйымдастырылды. Білім бәйгесінде қазақстандық өрендер 11 медаль жеңіп алды. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Сайыста 40 команда бақ сынапты. Қазақстанның оқушылары халықаралық олимпиадада АҚШ, Жапония, Қытай және Еуропа елдерінің келген құраманы басып озып, үздік нәтиже көрсетті. Ел құрамасы 2024-2025 жылы химиядан республикалық сайыстың жеңімпаздарынан құралған. 

Байқауда Маңғыстау облысындағы «Білім-Инновация» лицейінің оныншы сынып оқушысы Меңдіғали Қалдыбай практикалық кезеңде ең жоғары ұпай жинады. Ол «Award for the Best Score in the Practical Exam» арнайы сыйлығына ие болды. Сайыстың күміс жүлдегері атанғандар көп. Олар - Данияр Базарбай, Меңдіғали Қалдыбай, Аңсар Жақсылықов, Арен Теңізбаев, Санжар Қалиақбар, Қали Әбілмансұр, Райымбек Ғабдолла. Ал, Айзере Жеңісханова, Нұрқожа Умарбаев, Ярослава Кравчук, Алихан Серікұлы үздік үштіктің қатарынан табылды. Команданың жетекшілері - Бахытжан Елдана және Азим Аманжолов.



Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp