2 часа назад

Депутат Абзал Құспан тоқал алуды заңдастыруды ұсынды

Мәжіліс депутаты тоқалдардың құқығын қорғау үшін екі әйел алуды заңдастыруды ұсынды.

Депутат Абзал Құспан тоқал алуды заңдастыруды ұсынды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Белгілі заңгер, Парламент мәжілісінің депутаты Абзал Құспан журналист Ербол Сейілханға сұқбат берді. Депутат түрлі тақырыпты қозғады. Ол президенттерді айырмасын айтып, мажоритарлы сайлау жүйесіне қатысты пікір білдірді. 

Журналист Абзал Құспаннан қоғамда қызу талқыланып, түрлі  пікірталас тудырған тоқал мәселесін ашып сұрады. Депутат бұл мәселені жеке адам ретінде қолдамайтынын, қарсы екенін жеткізді. 

Ол пайғамбардың өмірін мысалға келтірді. Көп әйел алу мәселесі пайғамбардың кезінде жесір қалған әйелді асыру үшін жасалғанын баса айтты. Алайда, кәсіби заңгер ретінде тоқал алуды заңдастыру керектігін тілге тиек етті. Ол заңда екінші әйел алуға тыйым салынғанына қарамастан, бірнеше әйелі бар азаматтардың бар екенін жасырмады. Оны тіпті қоғамда біледі деседі. Депутат үйленген ер азаматпен көңіл жарастырған әйелдің құқығы қорғалмай ашып айтты:

— Қазір құтырғандықтың белгісі. Байқайсыз ба кілең жастарды алады. Ешкім ағасынан қалған жеңгесін, әмеңгерлікпен алып жатқан жоқ. Жесір қалған әйелге қазақтың бір әйелі ғой, отбасы асыраусыз қалмасыншы деп жанашырлықпен алып жатқан жоқ. Жап-жас қыздарды алады. Сол себепті де мен құбылыс ретінде бұған жаным мен тәнтіммен қарсымын. Бірақ, мен қарсы болды екен деп, сіз қарсы болды екен деп, заңда тыйым бар екен деп тоқтап жатқан адам жоқ. Сондықтан бұны заңдастыру керек деп есептеймін өз басым. (...)Заңмен реттеу қажет. Енді оны қоғамның талқысына салу керек. Ар жағында заңгерлер біздер механизмін, жүйесін шығарамыз ғой. 

Заңда екінші әйел алуға рұқсат беру керек мен дұрыс түсіндім ба? - деді журналист.

— Иә. Не болмаса заңда, құқықтық нигилизм деген нәрсе бар. Правовой нигилизм деген нәрсе — заңның қолжаулыққа айналуы дегенді білдіреді. Енді бізде заңда тыйымды, ешбір адам сақтап жатқан жоқ. Заңның осы тыйым нормасы қолжаулық болмағанда несі қалды?! Сондықтан да мұны заңдастыру керек. Заңмен реттеу керек. Керек десеңіз, бізде әйел құқығын қорғаушылар көп қой, осы мәселеге келгенде олардың позициясы өзгеріп шыға келеді. Содан-ақ мен білемін олардың артында тұрған топтардың шын мәнінде кейбір батыстық бір құқық қорғау ұйымдармен байланысын осыдан сезіп қоямын. Сол салада көп жүрдім ғой мен. Бұлардың айтып жатқан мәлімдемесінен сезіп қоямын. Қай жақтан жел соғып тұрғанын. Әйел құқығын шынайы қорғайтын болсақ, тоқалдың ешқандай құқықтық тұрғыда қорғалмаған. Алимент ала алмайды. Дүние алып бер, баламды асыра деп заңды тұрғыда талап ете алмайды. Оның барлығына біз қашанға көз жұмып отыруымыз керек, — деп айтты мәжіліс депутат Абзал Құспан.

Абзал Құспанның мәлімдемесінен соң, тоқал алуды заңдастыру тақырыбы қызу талқыланып жатыр. Белгілі продюссер Баян Алагулова бұл пікірге қарсы шықты. Ол бірнеше күйеуге шығуды заңдастыруды ұсынды.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp