• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Маңғыстауда 1040 медицина қызметкері қазаннан бері жалақысын ала алмай келген

Маңғыстаулық прокурорлар медицина қызметкерлеріне 273 млн теңгедей жалақысын төленген.
Маңғыстауда 1040 медицина қызметкері қазаннан бері жалақысын ала алмай келген
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Маңғыстау облысында медицина қызметкерлері қазаннан бері маңдай тер, табан ақысын уақытылы ала алмай келген. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға Мұнайлы ауданында тіркелген. Аталмыш ауданның ауруханасында жұмыс істейтін 1040 медицина қызметкеріне қазан айынан бері жалақы уақытылы төленбепті.

Прокурорлар тексеріс жүргізіп, енгізілген қадағалау актісінің нәтижесінде 273 миллион теңгеден астам аурухана қызметкерінің еңбекақысы төленіпті. Осылайша мамандардың конституциялық құқығы қалпына келген.

Главный баннер --> after article