• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда үш егіз бір мезетте ант қабылдады

Облыс орталығында 200-ге тарта сарбаз ант қабылдады.
Оралда үш егіз бір мезетте ант қабылдады
Ұлттық ұлан "Батыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің фотосы

Оралда 200-ге жуық жас сарбаз ант қабылдады. Бұл туралы Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады. Салтанатты жиынның бір ерекшелігі еліміздің түпкір-түпкірінен келген азаматтардың қатарында үш егіз бірге ант қабылдауы болды.

Ақтөбеден келген Мақсат пен Мәди, Алматы қаласының тумалары Константин мен Кирилл, сондай-ақ Атыраудан шақырылған Ришат пен Рафхат бір сапта тұрып, елге адал қызмет етуге серт берді,-деп хабарлайды Ұлттық ұлан "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Салтанатты түрде ант қабылдаған жастар Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Жаңаөзен мен Алматы қаласынан шақырылған. Олар бір жылдың ішінде әскери өмірдің қыр-сырын меңгермек.

Главный баннер --> after article