7 часов назад

Оралда «Ақжайық» шағын ауданында екі үйдің құрылысы жүріп жатыр

2025 жылдың екінші жартысында тағы 2 көпқабатты үйдің құрылысы басталмақ.

Оралда «Ақжайық» шағын ауданында екі үйдің құрылысы жүріп жатыр
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Орал қаласына қарасты «Ақжайық» шағынауданында 25 тұрғын үй бой түземек. Шағынауданның егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында 56 әлеуметтік, 1500 балаға арналған үш мектеп, төрт спорт кешені, тоғыз балабақша, екі емхана және төрт алаң мен бульвар саябақтарының құрылысы көзделген. Бұған қоса шағын ауданда облыстық көпбейінді аурухана, перинаталдық орталық және кардиологиялық орталық салу жоспарлануда деп хабарлады облыстық құрылыс басқармасы.

— Бюджет қаражаты есебінен Ақжайық шағын ауданында 8 көппәтерлі тұрғын үйдің, 150 орындық оңалту орталығы пайдалануға берілді. Күні бүгін жаңа кәріз сорғы станциясының құрылыс аяқталып, іске қосылды. 2024 жылы 390 тұрғын үйге мұқтаж отбасы баспаналы болды, - дейді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұркен Молдашев.

Қазіргі таңда жаңа шағынауданда бюджет есебінен екі үйдің құрылысы жүріп жатыр. 2025 жылдың екінші жартыжылдығында тағы екі баспананың құрылысы басталмақ. Бұдан бөлек, түрлі компаниялар он шақты коммерциялық тұрғын жайдың құрылыс жүріп жатыр. Үйден бөлек, жаңа ауданда 26 шақырым жол салынды.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp