Оралда жаңа мешіт ашылды. Мешіттің ашылуы салтанатына Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, еліміздің бас муфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты. Құлшылық ордасы Зачаганск кентінде бой түзеді. Жаңа мешітте екі мың адам құлшылығын өтей алады. Зәулім ғимараттың дизайны ерекше, күмбезінің биіктігі 36 метрді құрайды.
Салтанатты жиынға жиналған халықтың қарасы қалың. Игі іс-шара Құран аяттарын оқумен басталып, елдің амандығы мен жұрттың тыныштығы үшін дұға жасалған.
Жаңа мешіттің құрылысы 2023 жылы басталды. Халық жылу жинап, жаңа нысанның құрылысына ат салысты.
Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында 40 астам мешіт бар.