Жақында Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрайдың қазасы елді дүрліктірді. Ұлттық құрылтайға осы оқиға бойынша 130-дан астам өтініш келіп түскен. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев хабарлады. Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігіне Шымкент қаласының полиция департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырыпты. Осы істі бас прокурор да мұқият тексермек.

– Қыз алып қашу – адам ұрлау деген сөз, бұл – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс. Ондай қатігездікке ешқашан жол беруге болмайды,-дейді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент құрылтайда заң мен тәртіп-бәріне ортақ. Еліміздің әрбір азаматы заң талаптарын бұлжытпай орындауы тиіс деп тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қаңтарда Шымкент қаласында Нұрай есімді бойжеткен сталкинг жасап, түрлі қысым көрсеткен күдіктінің қолынан қаза табады. Оның қазасы қоғамда резонанс тудырды. Марқұм күдіктімен бір тойда танысқан. Күдікті Нұрайды алып қашыпты. Алайда, марқұмның туыстары оны полицияның көмегімен үйіне алып келген. Осы оқиғадан соң, күдікті Нұрайды аңдып, оған түрлі қысым көрсеткен.