3 часа назад

Қазақстанда 14 мың шетел азаматы ресми түрде жұмыс істейді

Қазақстанда 5000 Қытай азаматы ресми түрде жұмыс істейді

Қазақстанда 14 мың шетел азаматы ресми түрде жұмыс істейді
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Ел аумағында ресми түрде 14130 шетел азаматы жұмыс істейді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Министрліктің таратқан ақпарына сүйенсек, Қазақстанда 5120 Қытай, 2478 Өзбекстан,1042 Түркия, 1031 Үндістан азаматы еңбектенуде. Ең көп шетелдік жұмыс күші құрылыс, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу, өңдеу өнеркәсібі саласында қызмет етеді. Ел аумағында шетелдік жұмыс күшін пайдалануға рұқсаты бар 1899 жұмыс беруші бар екен. Аталмыш мекемелерде 348 мыңнан астам қазақстандық еңбек етеді.

—  Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейтінін және бөлетінін естеріңізге саламыз. 2025 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,2% мөлшерінде немесе 14,8 мың бірлік болып белгіленген, ал осы жылдың наурыз айынан бастап жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне байланысты министрдің бұйрығымен 16,5 мың бірлікке дейін ұлғайтылды, — делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Министрлік таратқан ақпарға сүйенсек, шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында бірнеше санат бар. Бірінші санат басшылар мен олардың орынбасарлары үшін беріледі. Биыл осы санат бойынша 549  рұқсат берілген. Екінші санат құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін  беріледі. Министрлік 2 258 адамға рұқсат беріпті.Тартылған шетел жұмыс күші негізгі бөлігі мамандар және білікті жұмысшылар санаттарға жатады. Тиісінше үшінші санат бойынша 3 786 адам, ал төртінші санат бойынша 904 азаматты құрайды.Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 889 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 744 адам еңбекке араласқан.

2025 жылдың тамыз айынан бастап министрдің бұйрығымен маусымдық шетелдік жұмысшылардың кәсіп тізбесінің артуына байланысты квотаның да саны көбейді.



Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp