04 августа в 17:00

БҚО-да мүгедектігі жандарға 1182 ғимарат бейімделген

Жыл соңына дейін 59 нысанды бейімдеу жоспарланыпты.

БҚО-да 1182 ғимарат мүгедектігі жандарға бейімделген
Автордың фотосы

Батыс Қазақстан облысында 1182 ғимарат мүгедектігі жандардың емін-еркін қозғалып, қызмет алу үшін бейімделген. Жыл соңына дейін 59 мекемені жасақтау жоспарланыпты. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 

Жауапты министрліктің таратқан ақпаратына сүйенсек, бейімделген ғимараттардың ішінде білім беру нысандары көш бастап тұр. 443  ғимарат бейімделген екен. 

Бұдан өзге 105 денсаулық сақтау объектісі, 58 мәдениет ошағы, 239 мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымы, 120 спорт нысаны, 17 әлеуметтік қорғау обьектісі, 44 сауда және ойын-сауық орталығы және 156 басқа да нысан екен.

Батыс Қазақстан облысы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті биыл жеті жоспардан тыс тексеріс жүргізіпті. Нәтижесінде төрт ғимаратта заң бұзған фактісін анықтапты. Заң бұзғандар 943 мың теңге көлемінде айыппұл арқалады.

Қазіргі уақытта ел аумағында 23206 ғимарат мүгедектігі жандарға толықтай бейімделген. 2027 жылға дейін түрлі мекемелерді біртіндеп бейімдеп жоспарланды.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp