Атырауда азаматтардың сеніміне кіріп, сан соқтырған азамат алты жылға сотталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Атырау облысының полиция департаментіне қарасты киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тұрғындарды алдап, қаржысын қалтаға басқан 26 жастағы ер адамды ұстапты. Ол техника сататын мекемеде жұмыс істеген.
Сотталған адам әлеуметтік желілерге техниканың жарнамасын орналастырыпты. Жарнама қызыққандар, қомақты қаржысынан қағылды. Заң бұзған адам қызығып, тапсырыс бергендерге тауар құнын алдын ала төлеуді сұраған. Ол ақшаны ЖШС-іне тиесілі өз атына немесе әйелінің жеке кәсіпкерлік шотына аудартып, кейін қаражатты жеке қажетіне жұмсаған. Мәселен, 32 жастағы азаматша 809 мың теңгеге компьютер сатып алуға келісіп, көрсетілген шотқа қаражат аударған.