Қазақстанда есту қабілетінен айырылған 523 балаға арнайы имплант орнатылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Есту имплантын орнату мемлекет есебінен жүргізілген. Әрбір импланттың құны 6,5 миллион теңгені құрайды екен.
Министрліктің таратқан ақпаратқа сүйенсек, ота сәбилер екі толмай жасалып жатыр екен. Осының арқасында бүлдіршіндердің есту мен сөйлеу қабілетінің дамуына және қоғамға толыққанды бейімделіне өз септігін тигізіп келеді.
- Оңалту жүйесі де қарқынды түрде кеңеюде. Соңғы екі жылда елде 81 оңалту орталығы ашылды, оның ішінде өңірлердегі мекемелер де бар. Биыл тағы 11 орталықты іске қосу жоспарлануда. Нәтижесінде оңалту көмегімен қамту деңгейі 35%-ға өсіп, 243 мың бала қолдау алды, -деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Министрлік балалар үшін патронаж жүйесінің де маңызды рөл атқарады деп хабарлады. Арнайы жүйеде үш жасқа дейінгі балалардың 95%-ы медицина қызметкерлерінің тұрақты бақылауында. Осының арқасында үй жағдайында өлім-жітімді 22 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік беріпті. Бұдан өзге, елімізде балаларды ерте шақтан қолдау көрсететін 700-ден астам ерте даму орталығы да жұмыс істейді.