Қазақстанда мүгедектікті белгілеу бойынша 43 мың өтінім сырттай қаралды
Министрлік пилоттық жобаның жай-жапсарын хабарлады.

Қазақстанда мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы сынақтан өтуде. Жаңашылдық әрбір өңірде пилоттық режимде ұйымдастырылып жатыр. Осылайша 43 мыңнан астам өтінім қаралыпты. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі. Министрлік таратқан ақпарға сүйенсек, өткен жылы 96 мыңнан астам өтінім сырттай қаралды. Бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар жандардың 37 пайызын құрайды. Сырттай куәландыруға көшу әкімшілік пен бюрократиялық кедергілерді жояды. Медицианалық- әлеуметтік сараптама шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етпек.
Мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды екен. Осылайша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады деген сенім мол.
- Ақтөбеде заңсыз қару алып жүрген тұрғын жауапқа тартылды
- Атырауда 150 орындық оңалту орталығы салынуда