Атырауда 150 орындық оңалту орталығы салынуда

Оңалту орталығының құрылысы 2023 жылы басталды.

Атырауда 150 орындық оңалту орталығы салынуда
Атырау облысы әкімдігінің фотосы

Атырау қаласында ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған оңалту орталығының құрылысы аяқталыпты. Қазіргі таңда ғимараттың ішкі әрлеу мен абаттандыруы жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады. Жаңа ғимараттың құрылысы 2023 жылы басталды. Реабилитациялық орталықты “БатысАльянсСтрой” компаниясы салуда.

— Бүгінде нысанның құрылысы толық аяқталып, ішкі әрлеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Орталық жылына мүгедектігі бар мыңдаған ересек адам мен баланың әлеуметтік көмек алуына мүмкіндік береді. 150 орындық заманауи ғимараттағы 83 кабинет қажетті құрылғылармен жабдықталады, - деді Атырау облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов.

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының келтірген дерегіне сүйенсек, жаңа орталық мүгедектігі бар жандардың әлеуметтік өмірге бейімделуіне, психологиялық қолдау алуына және денсаулықтарын жақсартуға мүмкіндік бермек. Жаңа оңалту орталығында 100-ден астам маман қызмет көрсетпек. Реабилитациялық орталық  жыл сайын мыңдаған мүгедектігі бар жанға арнаулы әлеуметтік және медициналық көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

Бүгінгі таңда облыста мүгедектігі бар 26 мыңнан астам адам бар. Оның 4600-ге жуығы бала.


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp