Қазақстанда қылмыстық атқару жүйесінде жазасын өтеп отырғандардың арасында өлім-жітім азайған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрлік сотталғандардың арасында оң динамика барын атап өтті. Сала мамандары жақсы көрсеткіштерге профилактикалық іс-шаралардың арқасында қол жеткіздік деп айтады.

Сотталғандардың арасында ең жоғары өсім қанайналым жүйесінің аурулары мен қант диабетін қоса алғанда созылмалы инфекциялық емес аурулар бойынша тіркелді.

- Маңызды бағыттардың бірі телемедицинаны енгізу болды. ҚАЖ-дың 17 мекемесінде арнайы телемедициналық жабдық орнатылып, қашықтан консультациялардың саны бес есеге артты, сондай-ақ білікті медициналық көмектің қолжетімділігі жақсарды, -деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Абақтыда жазатын өтеп отырғандарды емдеу үшін стациорналық көмек қолжетімді болыпты. Тәулік бойы және күндізгі стационарларға емдеуге жатқызу саны көбейген.

Сотталғандардың денсаулығын күту үшін ішкі істер министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі инфрақұрылымды жаңғыртуда.

- ҚАЖ-дың 78 мекемесінде (оның ішінде 62 дәрігерлік амбулатория және 16 медициналық пункт) медициналық көмек көрсету жағдайлары жақсартылды. Соның ішінде 55 нысанда (70%) ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, -деп хабарлады министрлік.