Қазақстандық оқушылар математикадан өткен байқауда үздіктердің қатарынан табылды. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Жас өрендер Balkan Mathematical Olympiad 2026 сайысында бақ сынады. Білім бәйгесі Грекияның Салоники қаласында өтті. Байқауға 24 елден 148 оқушы қатысты. Жарыстың қорытысы бойынша қазақстандық өрендер алты медаль қанжығалап, командалық есепте алтыншы орынға тұрақтапты.

Алматы қаласының Haileybury Almaty мектебінің 12 сынып оқушысы Мурат Тимур алтын медальді қанжығасына байлады.

Астана қаласының «Білім-инновация» лицей-интернатының оныншы сынып оқушысы Сұлтанәлі Алиасқар мен Атырау облысының «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Орынбасар Бердібек күміс медальді еншіледі.

Қола медальді Батырхан Бейганов, Али Еркебұланұлы мен Арнұр Ансатов жеңіп алды.