Қазіргі таңда есепшотқа жорта ақша аударатындар көбейді. Олар аз ақша аударып, жаңылғанын айтып, тұрғындарға қоңырау шалады. Кейін қаражатты бөгде үшінші адамға аударуды сұрайды. Бүгінгі таңда осындай оқиғалар жиі кездеседі. Сол себепті Ұлттық банк ақша аударымына қатысты бірнеше кеңесті естен шығармауды сұрайды.
Ақша қозғалысын тек банк қосымшасынан тексеруді;
Қаражатты кері аудармауды, себебі бұл — алаяқтық схема;
Күдікті SMS-тегі сілтемелерге өтпеу керек.
—Ұлттық Банк қызметкерлері жеке тұлғаларға қоңырау шалмайды және азаматтың жеке мәліметтерін сұрамайды. Күмән туғызған жағдайда банкке немесе полицияға хабарласқан абзал,—деп хабарлады реттеуші банктың баспасөз қызметі.
Ұлттық банктың байланыс орталығы: 1477.