Бесінші ақпанда Атырау облысына қарасты Құлсары қаласында жаға ұстатарлық жағдай болды. Мектеп оқушысы оқу ордасының дәлізінде балтамен жүгірген бейнежазбасы тарады. Осы оқиғадан соң күдікті деп танылған баланың анасы әлеуметтік желіге пікір білдіріп, болған оқиға жайлы баяндады. Әйел адам оқиға болған күні баласының сыныпта отырғанын айтты. Шабуылдаған оқушының сыныпта отырғанын бейнажазбада таспаланыпты. Кейін Мейіржанға үшінші қабатта оқитын төрт оқушы келіп, әжетханаға шақырған. Бұл туралы Aturau todau телеграм арнасы хабарлайды.
– Балам екінші қабатта алтыншы кабинетте оқиды. Ал, ол балалар үшінші қабатта оқиды. Сол төрт бала кабинетіне келіп, Мейіржан деп шақырып, Мейіржанға өрескел мінез көрсеткен. Және олар балама әжетханаға жүр деген. Балам әжетханаға барғанда төрт балаға әлі күші келмейтін болғаннан кейін, осындай жағдайға әкеліп отыр, – деп хабарлады Мәншүк Жиембетова.
Оқушының анасы перзентінің өткен күзде өзге мектепке ауыстыршыңызшы деп өтініш айтқанын атап өтті. Ол баласына осы мектепті аяқтап шығуын айтқан екен.
Қатарластарына балта алып жүгірген оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіні алғашқыда қамауға алған еді. Кейін сотттың санкциясының үйқамаққа жіберді. Оған мектепке барып, сабаққа қатысуына рұқсат берілген.
Видео автор: Алия Жамитова.