• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Құлсарыда оқушы балтамен мектепте жүгіріп, қатарластарына шабуыл жасаған

Оқиға бесінші ақпанда болған.
Құлсарыда оқушы балтамен мектепте жүгіріп, қатарластарына шабуыл жасаған
Видеодан стоп кадр

Құлсарыда оқушы мектепте балтамен жүгіріп, өзге балаларға шабуыл жасады. Осы қылмыстық видеосы әлеуметтік желіде тез таралды. Желі қолданушылары таңданысы жасырмайды. Оқиға бесінші ақпанда тіркеліпті. Атырау облысы полиция департаментінің таратқан ақпарына сүйенсек, оқушы мектепте қатарластарымен жанжалдасып, оларға шабуыл жасап, мектеп аумағынан бой тасалаған.

Осы оқиғаның кесірінен екі оқушы жеңіл жарақат алыпты.

– Хабарлама түскен бойда оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, жасөспірім анықталып, ұсталды. Оқиғаға қатысушылар мен олардың ата-аналары полиция бөліміне жеткізілді, – деп хабарлады Атырау облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

15 жастағы жасөспірімнің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, Ішкі істер органдарының есебіне алыныпты. Қазіргі таңда оқушының ата-анасына қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалған.

Жинақталған материалдар шешім қабылдау үшін Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды. Қылмыстық іс аясында қылмысқа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы білім беру бөліміне ұсыныс енгізілді. Тергеу қорытындысы бойынша білім беру ұйымының лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ оқу орнын күзетуді жүзеге асырған күзет агенттігі қызметкерлерінің әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады, – деп хабарлады Атырау облысы полиция департаменті.

Instagram

Главный баннер --> after article