Қазақстанда 38 млн тонна мал азығы дайындалды
Ауыл шаруашылығы министрлігі ел аумағында 38 миллион тонна мал азығы дайындалды,- деп хабарлады.
Қазіргі таңда ел аумағында мал азығын дайындалуда. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Шаруалар 38 миллион тонна мал азығын дайындалыпты. Оның ішінде 25 миллион тонна пішен, сенаж - 1,9 миллион тонна, шоғырланған жем - 4,3 миллион тонна, сүрлем - 2,1 миллион тонна, сабан - 4,7 миллион тонна жинақталыпты.
— Жоспардың орындалуы бойынша ең жоғары көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Ұлытау және Жетісу өңірлерінде тіркелді, — деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ал, Батыс Қазақстан облысында ең қымбат шөп орамы 13 мың теңгеден саудаланды.