Кәмелекетке толмағандар арасында қылмысты азайту мақсатында өңірде «Демалыс» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Жедел-профилактикалық шара 29 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығында ұйымдастырылды. Облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратқа сүйенсек, ішкі істер органдарына 130 кәмелетке толмаған жеткізілген. Оның 126-сы әкімшілік құқық бұзған. Қалғаны қараусыз қалған екен. Үш кәмелекетке толмаған адаптациялық орталыққа орналастырылыпты.

Іс-шара барысында жалпы 205 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде:

  • Ата-аналардың немесе заңды өкілдердің тәрбиелік міндеттерін орындамауы-15;

  • Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуы-8;

  • Алкоголь өнімдерін сату талаптарын бұзу-5;

  • Алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде болу-2;

  • Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілсіз немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы-176 дерек тіркелген.

Тәртіп сақшыларының таратқан ақпарына сүйенсек, бес жанұя профилактикалық есепке қойылған. Есептен тұрған 235 отбасы және тізімдік есеп тұрған 155 кәмелекетке толмаған жас тексерілген.