• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтөбеде зергер алаяқ қолға түсті

Зергер азаматтардың алтын бұйымдарын жөндеймін деп қабылдап, кейін оларды ломбардқа өткізген.
Ақтөбеде зергер алаяқ қолға түсті
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Ақтбеде зергер алаяқ ұсталды. Күдікті Орталық базар аумағында орналасқан шеберханалардың бірінде азаматтардан алтын бұйымдарды жөндеп беремін деп қабылдап, оларды ломбардқа өткізген. Түскен қаражатты жеке қажетіне жұмсапты. Бұл туралы Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Қазіргі уақытта ұсталған адамның 20 алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 12 миллион теңгеден асады, – деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Қазіргі таңда алаяқтық жасаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Главный баннер --> after article