Оралда құсбегілердің сайысы өтеді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Спорт додасы 20-22 ақпанда құсбегілер арасында Қазақстан Республикасының ХІХ чемпионаты өтеді.
– Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған сайыпқырандар өзара тартысты додаға түсіп, шеберлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, чемпиондық тұғыр үшін бақ сынамақ, – деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Чемпионаттың ашылу салтанаты 20 ақпанда сағат 12:00-де өтеді. Құсбегілердің сайысын Орал қаласы Жәңгір хан көшесі 69Б мекенжайында тамашалауға болады.