• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Атырауда 18 шетел азаматы мәжбүрлі түрде елден шығарылды

Атырау полициясы сот шешіміне құлақ аспай, елде заңсыз жүрген шетелдіктерді Қазақстанның аумағынан шығарды.
Атырауда 18 шетел азаматы мәжбүрлі түрде елден шығарылды
Видеодан стоп кадр

Атырауда 18 шетел азаматы мәжбүрлі түрде елден шығарды. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаменті хабарлады. Тәртіп сақшылары өңірде сот шешімін орындамай жүрген шетелдіктерді анықтау мақсатында іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Соның нәтижесінде сот шешімін орындаудан жалтарып жүрген 91 шетел азаматы анықталды.

– Заң бұзған шетелдік азаматтар Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында орналасқан «Тәжі-авто» бақылау өткізу бекеті арқылы ел аумағынан тысқары шығарылды, – деп хабарлайды Атырау облысы полиция департаменті.

Елден мәжбүрлі түрде шығарылған адамдарға бес жылға дейін Қазақстан Республикасының аумағына кіруге тыйым салынады.

Главный баннер --> after article