• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Зейнетақы қорынан заңсыз 200 млрд теңге шығарылған

Қаржылық мониторинг агенттігі зейнетақы қорынан «тіс емдейміз», деп, ақша шығарған клиникаларға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
Зейнетақы қорынан заңсыз 200 млрд теңге шығарылған
Фото "ЖИ" көмегімен жасалды

Қазақстанда зейнетақы қорынан «тіс емдейміз»,-деген желеумен 200 миллиард теңгедей қаражат шығарылған. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы» акционерлік қоғамынан заңсыз қаржы шығарған стоматологиялар мен дәрігерлердің ісі тергеліп жатыр. Агенттік жалпы 42 емдеу мекемесінің қылмысқа барғанын хабарлады. Азаматтар стоматологиялармен жалған келісімшарт жасасып, зейнетақы қорынан ақша аудартыпты. Бұл қызметі үшін тіс емдейтін мекемелер 10-20 пайыз заңсыз сыйақыға ие болған.

–Қылмыстық жолмен алынған табыстарға күдіктілер элиталық жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алып, сондай-ақ жасыру мақсатында үшінші тұлғалардың атына рәсімдеп, жаңа стоматологиялық клиникалар ашқан. Он бір күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды, ал үшеуіне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сонымен қатар, жүйелі түрде заңсыз сыйақы алу үшін медициналық мекемелердің дәрігерлері дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың (ДКК) жалған қорытындыларын берген, күдіктілерден алынған қаражаттың жалпы сомасы 30 миллион теңгені құрады, –деп хабарлады қаржылық мониторинг агентігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша бірқатар сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қаржылық мониторинг агенттігі өз зейнетақы жинағынан ақша аударымдарын алған азаматтар қылмыстық қудалауға түспейтінін хабарлады.