Апатты үйлер мәселесі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы шешілуде

Апатты үйлер мәселесі Оралда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы шешілуде.Пилоттық жоба өткен жылы қолға алынған болатын. Сол кезде 4 үй сүріліп, орнына жаңа екі көпқабатты баспананың құрылысы басталған еді. Көне үйде тұратын өзге де оралдықтар енді өз мәселесін осылай шеше алады. doma Орал қаласының Гагарин көшесіндегі 5-ші үйдің салынғанына жарты ғасырдан асқан. Бірнеше рет жөндеуден өтсе де баспана бастапқы қалпына келмепті. Қабырғалары қақырап, төбесі тесілген. Есік-терезе, едені де әбден ескірген. І топ мүгедегі НАЗЫМ БАЙНУРИНА соңғы 15 жыл бойы тұрғынжайдың жыртығын жамап, қисығын бүтіндеуден шаршағанын айтады. Ері қайтқалы екі баласын өзі жететіп келеді. - Жертөледен сыз келеді. Соның кесірінен балаларым да ауру болды. Қызым да, балам да бронхит. Құбырлардың бәрі шіріп тұр. Батарея да жарылған кезі болды. Ай сайын ақша жинап, қайта-қайта жөндейміз. Тесіктің бәрін бітейміз. Бірақ қайта жарылады. Су қатып қалады. Қатты қиналамыз. Сусыз отырған күндеріміз болды. БірақНазымнан басқалары будақ-будақ қағаз жинап, жүргісі жоқ. Әркімнің өз тірлігі бар. Бірліктің болмауынан баспана «Тұрғын үй кешенін жаңғырту» бағдарламасына да ілікпей қалыпты. Ал үйді апатты деп тану үшін 5-шімен қатар, көрші 7-ші үйдің де тұрғындарының келісімі керек. Бұл да оңай шаруа емес. - Үйдегі 12 пәтердің тек 10-ы ғана келісім берді. Біз құжатқа қол қойдық, енді тиісті орынға тапсырамыз. Тұрғын үй шаруашылығы бөлімінің мамандары тендер болатынын айтты. Оны ұтып алған құрылыс компаниясы үйді сүріп, орнына жаңа үй салмақ, - дейді Гагарин көшесі, №7 үйдің тұрғыны САПАРҒАЛИ КӘРІМОВ 1956 жылы салынған қос үй де апатты деп танылмаған. Баспананың апатты жағдайда екенін тек жеке фирмалар анықтап, қорытынды шығарады. Содан соң ғана апатты үйлер тізіміне енгізіледі. - Орал - көне шаһар болғандықтан, қалада 19-20 ғасырда салынып, тозығы жеткен, не жөндеуге тиімсіз 200-дей үй бар. Одан бөлек 40 үй апатты деп танылған, - дейді Орал қалалық ТҮКШ, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы АСХАТ ШАДЬЯРОВ. Өткен жылы қалада апатты 4 үй сүріліп, орнына екі 9 қабатты баспана салынып жатқаны белгілі. Бірі 90, екіншісі, 135 пәтерлік. Гагарин көшесінің тұрғындары да баспана мәселесін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы шешуге үмітті.   Акерке Абишева  
Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp