• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтөбеде шаруа алаяқтарға алданып қалды

Ақтөбелік шаруа көлік қозғалтқышын сатып алмақ болып, алаяққа алданып қалды.
Ақтөбеде шаруа алаяқтарға алданып қалды
Сурет "ЖИ" көмегімен жасалды

Ақтөбеде көлік қозғалтқышын сатып алмақ болған шаруа алаяқтарға алданып қалды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Шаруа қожалығының басшысы “Ford” автокөлігіне арналған қозғалтқышты сату туралы хабарландыруды көрген. Ол сатушымен байланысқа шығып, сауда жайлы талқылау үшін кездескен.

Сөйтіп шаруа темір-терсекті сатып алу үшін 210 мың теңге көлемінде алдын ала төлем жасаған. Ол қалған ақшасын қозғалтқыш қолына тигеннен кейін беруге келіскен.

Сатушы ақшаны алған бойда байланысқа шықпай, хабарсыз кеткен. Алданғаннын түсінген шаруа қожалығының басшысы полицияға арыз түсірген.

Қазіргі таңда алаяқтық фактісі бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Главный баннер --> after article