• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда жасөспірімдерге қатысты 11 құқық бұзушылық анықталды

Облыс орталығында балалардың қауіпсіздігі тексеру үшін рейд өтті.
Оралда жасөспірімдерге қатысты 11 құқық бұзушылық анықталды
Видеодан стоп кадр

Оралда 24-25 сәуірде түнгі уақытта кәмелекетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық алдын алу үшін рейд өтті. Полиция қызметкерлері қоғамдық орындар мен ойын-сауық орталықтарын тексерді. Тексеріс нәтижесінде 11 құқық бұзушылық анықталған.

Орал қаласы полиция басқармасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, тіркелген құқықбұзушылық үш дерегі ұзақ бұзақылық деп сараланыпты.

-Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау – 1 дерек, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы – 6 дерек, кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта ойын-сауық орындарына жіберу – 1 дерек тіркелді. Рейдтік іс-шаралар қаланың барлық аумағын қамтып, құқықтық тәртіпті нығайтуға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды, -деп хабарлады Орал қаласы полиция басқармасы.

Полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігін есте сақтауға шақырады. Қолданыстағы заңнама бойынша кәмелетке толмағандар заңды өкілінсіз түнгі 23.00-ден көшеде жүрмеуі керек. Балалар ата-аналарынсыз ойын-сауық орталықтарында тек түнгі 22.00-ге дейін серуендей алады.

Главный баннер --> after article