• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да 286 адам цифрлық сауаттылықты меңгерді

Өңірде халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарға тегін цифрлық сауаттылықты үйретіп жатыр.
БҚО-да 286 адам цифрлық сауаттылықты меңгерді
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Батыс Қазақстан облысында 286 адам цифрлық сауаттылықты меңгерді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады. Оқыту курстары наурыз айында басталған. Оқыту басталғанда бірден 162 адам электронды порталды қолданудың қыр-сырын меңгерген.

- Практикалық оқыту барысында қатысушылар электрондық цифрлық қолтаңба алу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, соттылығы бар-жоғы туралы анықтама алу сияқты қызметтерді қалай рәсімдеу керектігін үйреніп, оларды бірден өз беттерінше жасап көреді. Мұндай формат әсіресе ересектер мен зейнет жасындағы адамдар үшін қолайлы - олар цифрлық қызметтерді асықпай, түсінікті түрде меңгере алады, -деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.

Цифрлық сауаттылыққа үйрететін курстар тегін өтеді. Оған жазылудың қажеті жоқ. Тек бейсенбі күні Орал қаласы, Исатай-Махамбет көшесі, 84 мекенжайында орналасқан халыққа қызмет көрсететін орталығына барсаңыз болғаны. Оқу сағат 15:00-ден -17:00-ге дейін өтеді.

Ал, аудандық бөлімдерде мамандар бекітілген кестеге сәйкес мекемелерге барып оқытады екен.

Главный баннер --> after article