Ақтөбе облысында заңсыз бұлан атқан адам ұсталды
Полиция қызметкерлері 30 жастағы ер адамды Алға ауданына қарасты Маржанбұлақ ауылының маңында қолға түсірген.

Ақтөбе облысында заңсыз бұлан атқан азамат құрықталды. Бұл туралы Polisia.kz cайты хабарлайды.
Тәртіп сақшылары 14 шілдеде полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық шараларды жүргізу барысында заңсыз аңшылық дерегін анықтады. Тәртіп сақшылары Алға ауданына қарасты Маржанбұлақ ауылының тұсында бұланға ұқсайтын жануарды сойып жатқан ер адамды байқапты.
Олар 30 жастағы ер адамның көлігінен тіркелген ойық ұңғылы карабин қаруы табылып, тәркілепті.
Полиция заңсыз аңшылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Автокөлік құралы аудандық полиция бөлімінің аумағына қойылды. Заңсыз аңшылық үшін күдікті мүлкі тәркілену мүмкіндігімен, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаға тартылуы мүмкін.
Фото polisia.kz сайтынан жүктелді.
- Ақтөбеде үлескерлердің 421 млн теңгесі ұрланды
- Ақтөбеде бюджет қаражатын жымқырған шенеунік 8 жылға сотталды
- Ақтөбеде екі келін төбелесіпті: Заң бұзғандардың ісі сотта қаралды
- Ақтөбеде «Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасына 115 адам 197 млн теңге ақша салған
- БҚО-да алаяқтар мұғалімнің атынан 4 банктен несие алған