Ақтөбеде «Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасына 115 адам 197 млн теңге ақша салған

Қаржы пирамидасы Ақш-та тіркелген және электр самокаттарын өндіреміз деп таныстырған.

Ақтөбеде «Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасына 115 адам 197 млн теңге ақша салған
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Ақтөбе облысында азаматтарды алдап, бар тапқан таянғанын қалтаға басқан қаржы пирамидасының жолы кесілді. Бұл туралы қаржылық мониторинг агентігі хабарлады. 

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасы өзін Ақш-та тіркелген компания деп таныстырған. Олар және электр самокаттарын өндіретін ірі компания ретінде таныстырып, күдіктілер азаматтарға жоғары табыс уәде еткен. Алайда шын мәнінде «компания» электр самокаттарын сатумен айналыспаған. 

Салымшыларға төлемдер тек жаңа қатысушылардың есебінен төленген. Салымшыларға салым сомасына байланысты күніне 12-ден 690 долларға дейін төлемдер ұсынған. Жаңа қатысушыларды тартқаны үшін қосымша бонус уәде еткен. Нәтижесінде 115 адам пирамидаға 197 миллион теңгеден астам қаражат салған.

— Тергеу кезінде күдіктілер салымшылардың ақшасын OKX крипто әмиянына аударып, одан кейін фиаттық ақшаға айырбастап, банк шоттарына шығарғаны анықталды. Заңсыз кірістер есебінен Ақтөбе қаласында екі пәтер мен үш автокөлік сатып алынып, жасыру мақсатында жақын туыстарына рәсімделген, — деді қаржылық мониторинг агентігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Сот санкциясымен  мүлікке тыйым салынды. Сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданыпты.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp