Батыс Қазақстан облысында төтеншеліктер қар құрсауында қалып қойған үш адамды құтқарды. Құтқарылғандардың арасында бала мен жүкті келіншек бар. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Департамент таратқан ақпаратқа сүйенсек, жеңіл көлік Сырым ауданында қар құрсауында қалып қойған. Құтқарушылар көмекке жүгінген жандарды Жымпиты ауылына жеткізіпті. Қар құрсауында қалып қойған жанұя медициналық көмекке жүгінбепті.

Құтқарушылар қолайсыз ауа райында алыс жол шықпауға және тас жолдардың жай-күйі туралы ақпаратты алдын ала нақтылап алуға кеңес береді.

Төтенше жағдай туындаса 112 нөміріне хабарласыңыздар.