Елімізде Skills Enbek платформасында 247 мың адам білім алды

Білім алған жандардың 39 мыңы жұмыссыз екен.

Елімізде  Skills Enbek платформасында 247 мың адам білім алды
Сурет "ЖИ" көмегімен жасалды

Елімізде Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында 247 мың адам білім алды. Оқыған жандардың 39 мыңы екі қолға бір күрек таба алмай жүргендер екен. Жалпы платформасында 791 мың адам тіркелген. 292 мыңнан астам адам биыл жазылған. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Күні бүгінге дейін жаңа платформа арқылы 658,5 мың тұрғын білім алыпты. Оқыған жандардың он мыңнан астамы Түркістан, Алматы, Қостанай облысы мен Шымкент шаһарының жастары екен.

Платформа іске қосылғаннан бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша мыңнан астам курс жариялапты. Оның 332-ы тегін оқытылады. Сондай-ақ одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore, Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстары бар. Курстардың ұзақтығы бірден 72 сағатқа дейін жалғасады.

Мамыр айындағы ең көп сұранысқа ие курстар – «Твой карьерный старт: как использовать «Электронную биржу труда», «Построение отдела продаж в отеле», «Motion design» және «Страховой агент».

Платформада білім беру және тәрбиелеу, әлеуметтік қызмет көрсету және басқа салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді.

Бұдан бұрын хабарлағандай, платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс – қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған.

Оқуға https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе Электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы қол жеткізуге болады.

Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқыны мен тілін, материалды берудің ыңғайлы принципін дербес таңдайды, білім беру үдерісіндегі өзінің ілгерілеуін бақылай алады.

Білім алушы үшін артықшылықтар: кеңейтілген курстарды іздеу, сабақтың түсінікті құрылымы, оқу процесін бақылау және курс авторларымен жылдам өзара әрекеттесу. Пайдаланушылар үшін жасанды интеллект көмегімен чат-бот қол жетімді, ол жылдам іздеуді және қызығушылық тудыратын сұрақтарға жауап алуды қамтамасыз етеді.

Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруға тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – білім алушы тарапынан курсты бағалау. Сертификатты жүктеу кезінде игерген дағдылар бойынша Enbek.kz-те бос жұмыс орындарының ұсыныстары қосылды.

Алынған сертификат Enbek.kz-те тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші Платформада сәтті оқудан кейін алынған сертификаттарды көре алады.

Авторлар мен әзірлеушілерге арналған платформада онлайн курстарды орналастыру тегін. Курстар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылуы мүмкін, ақпарат берудің әртүрлі форматтары: мәтін, презентация, бейне және аудио материалдар, инфографика және басқа түрлері болуға тиіс. Платформа ерекше қажеттіліктері бар білім алушылар үшін интерфейсті бейімдеу мүмкіндігін болжайды.

Курс авторлары үшін ыңғайлы сабақ құрастырушы, жарияланған курстардың статистикасы мен тиімділігін қарауға қолжетімді, сертификаттардың әртүрлі дизайны көзделген, сондай-ақ оқу құнын алдын ала есептеуге арналған онлайн-калькулятор бар.

Министрлік 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап курстарды Enbek мобильді қосымшасы арқылы оқуға болады, қосымшаны Google Play және App Store-дан жүктеуге болатынын еске салады. 




Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp