Маңғыстау облысында апиын жеткізумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Тәртіп сақшылары төрт адамды тұтқындады. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлайды. Сайт таратқан ақпаратқа сүйенсек, қолға түскен күдіктілердің мекенжайларын тінту барысында 1.3 келі апиын және қыруар қаражат тәркіленген. Сарапшылар : «Тәркіленген ауған апиыны осы өңір үшін сирек кездесетін есірткі түрі », деп бағалады.
Қазіргі таңда қолға түскен күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297 бабының үшінші бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Осы баб бойынша кінәлі деп танылған жандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.