Төртінші сәуірде Оралда сенбілік өтті. Алғашқы санитарлық-экологиялық акция аясында 400 текше метр қоқыс шығарылған. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Күні бүгінге дейін қоқыс полигонына 1100 текше метр тұрмыстық қалдық жеткізілген. Арнайы көлік 10-15 текше метр қоқыс тасиды.

Естеріңізге сала кетейік, қала әкімінің пәрменімен облыс орталығында екі айға сенбілік ұйымдастырылмақ. Тазалық акция аясында жиналған күл-қоқысты коммуналды мекеме тегін алып кетеді. Тек қоқысты жолдың маңына қапшыққа салып қою шарт.

Алғашқы сенбілікке бес мыңға жуық адам қатысты. Санитарлық-экологиялық акция шаһардың 12 жерінде ұйымдастырылды.