Армандаған пəтеріне қол жеткізушілер қатарында аз қамтылған отбасылар жəне үй кезегінде тұрғандар бар.

Елбасының "Əлеуметтік қамқорлық" бағдарламасы аясында осы айдың соңына дейін 50 аз қамтылған отбасыға баспана кілті табысталады. Берілетін үй 6-шы ықшам ауданда орналасқан. Қазір ішкі əрлеу жəне ауласын аббаттандыру жұмысы жүріп жатырған үйді БҚО əкімі Алтай Көлгінов пен шаһар басшысы Мұрат Мұқаев келіп қарап, дайындығын тексерді.
-"Өңірімізге жұмыс сапарымен келген президент Қ.Тоқаев аз қамтылған жəне көп балалы отбасыларға тұрғын үй салуды тапсырған болатын. Осы орайда Оралда келесі айда екі 9 қабатты үй қолданысқа беріледі. Соның нəтижесінде 450 кезекте тұрған жəне аз қамтылған отбасы пəтермен қамтылады",-дейді БҚО əкімі Алтай Көлгінов.
Осы бағытта жоспарлы түрде белсенді жұмыс атқарылып, "Əлеуметтік қамқорлық" бағдарламасы шеңберінде пəтермен қамту жалғасатын болады.

Мы дорожим каждым нашим подписчиком и читателем, поэтому, пожалуйста, внимательно ознакомьтесь с рекомендациями при комментировании.
Арман КУРМАНАЛИЕВ