4 часа назад

Оралда Абай алаңын жөндеу үшін 165 млн теңге бөлінген

Облыс орталығында бұдан өзге екі алаңда жөндеу көрмек

Оралда Абай алаңын жөндеу үшін 165 млн теңге бөлінген
Автордың фотосы

Биыл Орал қаласында үш алаң жөндеу көрмек. Қала әкімінің баспасөз қызметінің таратқан ақпарына шаһардағы «Батыр қыздар» алаңын жөндеу үшін - 135 миллион теңге, Сырым Датов алаңы үшін 198 миллион теңге, ал Абай алаңына 165 миллион теңге қаражат жұмсалмақ. Абай алаңында 6700 шаршы метр аумақта өрнектас ауыспақ. Бұл жұмыстарды «KazTradeDevelopment» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарады. Соңғы жылдары алмасқан өрнектастар ауыспайды екен.

Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары ескі тас төсеуіштерді аялдамалар маңындағы халық жиі жүретін жолдарға және Даумов көшесінде салынып жатқан демалыс орны, Исаев пен Мәншүк Мәметова көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер жолына қолданылатынын жеткізді. Көне қырлы кеспені төсеу жұмыстары алдағы уақытта толықтай жүзеге асырылмақ.

Алаңдарды жөндеуден бөлек, биыл қаланың 14 көшесіне 40 мың шаршы метр болатын жаңа  өрнектас төселді.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp