Оралда алғаш рет параволейболдан республикалық чемпионаттың бірінші кезеңі басталды. Жарысқа тоғыз команда қатысып жатыр. Сайыста 120-ге жуық спортшы бақ сынайды. Ел біріншілігінде Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облысы, Астана қаласы, Қарағанды, Қызылорда, Жетісу,Жамбыл облысының құрамасы ойнайды.
- Батыс Қазақстан облысында параволейбол ойнайтын спорт түрінің ең үздігі деп танылған. Бұл жарыс параволейбол ойындарына деген қызығушылығын арттыруға арналған. Жастар бұл спорт түріне қызықса дейміз. (...) Батыс Қазақстан облысының құрамасы 2025 жылдың екінші желтоқсанынан бастап, 3-4 айдай толыққанды жаттыға бастады. Команда сабында жастар аз. Өңірде кәсіби тұрғыда параволейболмен 15 адам шұғылданады, -дейді Параволейболдан Батыс Қазақстан облысы федерациясының басшысы Азон Шаймарданов.
Параволейболдан өтіп жатқан сайыста Маңғыстау облысының құрамасы қатысып жатыр. Бұл өлкеде параволейболға деген қызығушылық өте жоғары екен. Өңірде параволейболдан ардагерлер, негізгі құрама мен жастардан құралған команда бар. Спортшылары да талай жарыстың жеңімпазы атанған. Олар бұл сайысқа тыңғылықты дайындықпен келіпті. Маңғыстаулықтар жеңістен үмітті.
- Біздің өңірде параволейбол командасы өткен ғасырдың 90 жылдары құрылған. Содан бері біздің құрама 11 дүркін Қазақстан чемпионы, 9 рет Қазақстанның жүлдегері атанды. Екі мәрте Азияның жеңімпазы атандық. Жаңаөзен қаласында екінші клубымыз ашылып, мемлекеттік мекеме ашылып, қарқынды дамуда. Облыс әкімі Нұрдәулет Игілікұлы параволейбол федерациясының құрметті президенті болып тағайындалып, бізге жағдай жасалуда. (...) Ұлттық құрамаға өту үшін чемпионаттарда жақсы өнер көрсетуіміз керек. Қазіргі таңда екі шәкіртіміз өтіп тұр. Бауыржан Оразалиев пен Ерболат Аңсаров, -деді Маңғыстау облысы отырып ойнау волейбол федерациясының президенті Құралбек Сейітов.
Параволейболдан ел чемпионаты үш кезеңде өтеді. Екінші кезең Ақтөбе облысында қыркүйекте ұйымдастырылмақ. Ал, соңғы шешу кезең қарашада Қызылордада өтеді деп жоспарланып отыр.
Ал Орал қаласында өтіп жатқан байрақты бәсеке 26 сәуірге дейін жалғаспақ.