Оралда "Жасыл ел" еңбек жасағына құжат қабылдау басталды. Бұл туралы Орал қаласының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы хабарлады. Еңбек жасағында жұмыс істегісі келетін жандар 30 мамырға дейін құжат тапсыруы шарт.

"Жасыл ел" сабында еңбек ету үшін қатысушыларға мынандай талап қойылады:

  • 16–35 жас аралығындағы жастар;

  • 16–18 жас Жааралығындағы жастар үшін ата-анасының рұқсаты қажет;

  • Жауапкершілігі жоғары, еңбекке бейім;

  • Командамен жұмыс істей алатын белсенді жастар.

"Жасыл ел" еңбек жасағында жұмыс істегісі келетін жандар мына құжаттарды тапсыруы керек.

  • Жеке куәлік көшірмесі;

  • 3×4 сурет – 1 дана;

  • Медициналық анықтама (075/у);

  • Банк картасының есепшоты (IBAN);

  • Оқудан анықтама (студенттер үшін).

Құжатты Хамит Чурин көшесі, 116 мекенжайында қабылдайды.